Қаратөбе ауданы орталығында әмбебап дүкен салынуда

111

Қаратөбедегі сапарында облыс басшысы Алтай Көлгінов спорт клубы жанынан ашылған фитнес орталығына бас сұғып, спортты жанына серік еткен тұрғындармен дидарласты.

Аудан орталығындағы фитнес залында бірнеше бейінді жаттығуларды орындауға арналған құрылғылар, адамның бұлшық еттерін шынықтыратын арнайы велосипедтер, зілтемірлер, гантельдер, бір орында тұрып қозғалыс жасайтын жүгірме жолдары бар.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ашылған фитнес клуб аптасына 5 күн, күніне үш ауысымда қызмет атқарады.

Фитнес орталығына келген лауазымды тұлғаларға «Қаратөбе» спорт клубының директоры Екпін Тіналиев орталықтың жұмыс жүйесімен таныстырды.

Орталық жұмысымен жақсылап танысқан Алтай Сейдірұлы Елбасы салауатты өмір салтын ұстануға үндеп қана қоймай барлық жағдай жасап отырғандығына, бұқаралық спорт – ұрпақ саулығының кепілі екендігіне тоқталып, аудан тұрғындарын спортпен жүйелі түрде шұғылдануға шақырды.

Облыс әкімі сонымен қатар Қаратөбе ауданы орталығында құрылысы жүріп жатқан әмбебап дүкеннің жұмысымен танысты.

Жеке кәсіпкер Гүлнар Мұсаеваның қолға алған әмбебап дүкеннің жалпы құны – 180 млн.теңге. Дүкеннен бөлек көкөніс дақылдарын өсіруге арналған жылыжай және құрылыс материалдарын сақтауға арналған қойма да салынбақшы. Әмбебап дүкен қолданысқа берілген кезде 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.

Қаратөбе ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Алтай Көлгіновпен Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев, бірқатар облыстық басқарма басшылары, т.б лауазымды тұлғалар бірге жүрді.

Серікбай ХАСАНОВ,
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,
Қаратөбе ауданы

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»