Қаратөбелік кәсіпкерлердің тартуы

Қаратөбе ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында бірқатар жобалар аяқталып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында аудандағы Қ.Жұмалиев көшесін жарықтандыру, Қаратөбе ауылының кіреберісіне арка орнату жобалары бар.

Қаратөбе ауылының азаматы, жеке кәсіпкер Абзал Бралиевтің демеушілігімен Қ.Жұмалиев пен Мұхит көшесінің қиылысынан қоғамдық монша ғимаратына дейін 16 көше шамы орнатылды. Аталған жоба құны 1 млн. 100 мың теңгені құрайды.

Ауылға кіре беріс жолда орнатылған арканың биіктігі – 8, ұзындығы – 17 метр. Кәсіпкер Ержан Хасановтың демеушілігімен жүзеге асқан арканың төбесінде шаңырақ,  ұшқан қыран, домбыра, қазақ батырының қаруы бейнеленген және ұлттық оюмен безендірлген. Құны 3 млн. 200 мың теңге.

90 жылдық мерейтой қарсаңында тарту жасаған жерлестерге аудан әкімдігі алғысын білдірді.

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»