Қаратөбеде балалар ойын алаңы ашылды

Қаратөбенің орталығында кәсіпкерлердің қолдауымен балалар ойын алаңы ашылды. 

 

Шараның салтанатты ашылуында сөз алған Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев:

–  Ауданымызда кәсіпкерлердің демеушілігімен игі істер жалғасын табуда. Дәл қазір жаңа саябақтағы балалар ойын алаңының ашылуына куә болып отырмыз. Алаңда  ата-аналар бүлдіршіндерін ойнатып, өздері де  субұрқақтың жанында демала алады, - деді.

Алаңға демеушілік еткен «Burakz» ЖШС жетекшісі Талаптан Дауылтаев құрылысқа 1 млн. теңге жұмсаған.

 Алаңда сырғанақ, әткеншек және керме сынды қондырылғылармен қоса арнайы құм төгілген жер де бар.

Шарада ауыл тұрғыны Звайра Жақсығалиева шашу шашса, ауыл кәсіпкері Танат Ізтілеуов балғындарға тәттілер таратты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»