Қараөзенге Жайық суы құйылмақ

1111

Бұл туралы бүгін күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Киров – Шежін су арнасындағы жұмыс учаскесінде болған облыс әкімі Алтай Көлгінов айтты.

Киров-Шежін су арнасының соңғы үшінші кезеңі мерзімінен бұрын аяқталып, пайдалануға берілмек. 180 шақырымды құрайтын магистраль 40 жылдан бері жөндеу көрмеген.

Үшінші кезеңі бойынша барлық жұмыстар тиісінше атқарылып, бұл жұмыстарды «Азиятехстрой» ЖШС қолға алып отыр. Басшылардың айтуы бойынша бөлінген қаражатты толықтай игеріп, биылға қалған 323 млн қаражатты игеріп мерзімінен бұрын қосуды жоспарлап отыр.

-Қазіргі таңда 180 шақырым құрайтын каналдың 200 метрі қалып отыр. Жалпы, бұл жобаның мақсаты – Киров – Шежін магистралі арқылы Жайық суын Қараөзенге жеткізу. Сонда Ресейдегі Еділ өзенінен босатылатын 100 млн. текше метр суға жұмсалатын қаражаттан 30 миллион текше метр судың құнын үнемдейміз. Сондай-ақ төрт ауданның аумағын ішінара қамтитын 130 мың гектардан астам жайылымды қосымша суландыруға болады. Магистраль бойына шаруа қожалықтары орналасып, жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар көктемгі мезгілде Жайық суы тасыған кезде біз соны пайдаланып қалуымыз қажет, - деді өңір басшысы Алтай Сейдірұлы.

Кездесу барысында аудан әкімі Абат Шыныбеков 29 елді мекеннің көгілдір отынның игілігін көре алмай отырғандығын айтып, ауданның елді мекендерін газдандыру сызбасымен таныстырды. Сонымен қатар аудан әкімі Қазталов, Жалпақтал ауылдарындағы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жайында баяндады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»