Ақсай қаласында 320 орындық балабақша салынуда

Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Алтай Көлгінов Ақсай қаласында салынып жатқан 320 орындық балабақша құрылысына ат басын бұрды.

Құрылысты “УральскСтройИнвест” ЖШС жүргізуде. Жоспар бойынша, ғимарат келесі жылы қаңтар айында пайдалануға берілмек.

Серіктестік директоры Алексей Безьянов облыс əкімі Алтай Көлгіновке құрылыс барысын баяндады. Ғимарат еңсе тіктеп үлгерген. Енді жұмысшылар сылау, терезе қондыру қамына кірісіпті. Материал жеткілікті.

“Бұл бөбекжай – Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығында тұрғындарға тамаша тарту болмақ,” – деді облыс басшысы Алтай Сейдірұлы ризашылық білдіріп.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan
Назад