Астана төріндегі жәрмеңке қалашығы

 

Бүгін еліміздің бас қаласы Астанада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» облыс күндері шеңберінде Батыс Қазақстан облысы күндері басталды.

   Алдымен елордалықтарды шаһар төріндегі «Хан шатыр» сауда орталығы алаңында көрініс тапқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қарсы алды. 

   Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өңірдің дамуы мен мәдениетін жоғары деңгейде көрсету мақсатында ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдерін, шығармашылық қойылымдарын тыңғылықты дайындықпен әкелген батысқазақстандықтарға елордалықтардың айтар алғысы шексіз. Оны таңмен ерте алаңға жиналған елордалықтардың көтеріңкі көңіл күйінен байқауға болады.

  Облыс аудандары мен ірі кәсіпорындар өндірген 20-ға жуық тауарлар мен өнімдер астаналықтарды берекелі күздің мол әрі сапалы өнімдерімен осылайша жәрмеңке аясында тоғыстырды.

   Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған мәлімет бойынша, жәрмеңке қалашығында елордалықтарға 19 тонна ет, соның ішінде 7 тонна жылқы, 12 тонна сиыр еті, 140 тонна картоп, 80 тонна пияз, 120 тонна сәбіз, 90 тонна қызылша, 100 тонна қырыққабат (барлығы 530 тонна) ұсынылып отыр.

   Оның сыртында 10 тонна балық, 3 тонна шұжық өнімдері, 10 тонна ұн және макарон, 5 мың дана қалбыр, 0,3 тоннадан бал мен қымыз, 1,5 тонна квас, шырын, сусындар, 0,8 тонна ауыз су бар.

 

   – Бүгінгі Ақ Жайық өңірінің жәрмеңкесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған басты тарту деп айтуға болады.

    Бастысы – елдің дәмін елордалықтарға, Астанада тұратын жерлестерімізге ұсыну.

   Батыс Қазақстан облысы еліміз бойынша мал шаруашылығын дамытушы облыстардың бірі.

    Бүгінгі жәрмеңкеде жылқы еті 1300 теңгеден, сиыр еті 1100 теңгеден саттықа шығарылды.

    Сонымен қатар, 200 тоннаға жуық көкөніс өнімдері т.б. өнімдер әкелінді.

    Жалпы алғанда, 30 млн. теңгеге сауда жасалынады деп күтілуде.

    Астаналалықтарға біздің жәрмеңкемізге қош келдіңіздер! – деп айтамыз. Халық риза деп айта аламын, – дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков.

  Жәрмеңке қалашығының бір шетінде облыс жәрмеңкесіне арналған концерттік бағдарлама өрбіп, Ақ Жайық өңірінің өнер шеберлері Астана жұртшылығына ән-күйден шашу шашты.

    Сазды бағдарлама «Назерке» халық биі ансамблінің орындауындағы «Жайдарлы Жайық жастары» хореографиялық композициясымен ашылды.

   Мерекелік концертте батысқазақстандықтар Медет Оразов, Ақмарал Ахметова, «Батыс стар» тобы т.б. жергілікті өнер шеберлері әсем әндер орындап, мереке шырайын аша түсті.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan
Назад