Жасотандықтардың коворкинг орталығы ашылды

1«Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Жас Отан» жастар қанатының коворкинг орталығы ашылды. Салтанатты шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен қатысып, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

-Жастар - біздің болашағымыз және бүгініміз. Өйткені жас буын өкілдері қазірдің өзінде үлкен істің басы-қасында жүріп, мемлекетіміз үшін тиімді шешімдер қабылдауда. Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» негізінде жастарға қолдау көрсетіліп, жағдай жасалуда. Орал қаласында студенттерге арналған бес жатақхана бой көтермек. Биыл 15 IT сыныбы ашылса, облыс әкімінің қолдауымен келесі жылы оның саны 50-ге жететін болады. Сондай-ақ облыстағы жалпы орта білім беретін мектептердің 100 спортзалы жаңғырмақ. Бұл коворкинг орталығы - жастар мен студенттердің, жастар ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын облыстағы жетінші ұжымдық кеңсе қызметі. Орталық өңірдегі жеке кәсіпкерлер есебінен жабдықталды. Болашақта облыстың барлық аудандарында мұндай орталық ашылатын болады, - деді Серік Кенжебекұлы.

Айта кетсек, «жасотандықтардың» коворкинг орталығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өңірдегі «Uniserv», «Стекло сервис, «Василец» компанияларының демеушілігімен ашылып отыр. Ұжымдық кеңседе кітап оқу алаңы, жиналыс пен басқосулар өтетін орын, ғаламторға қосылған жұмыс бұрышы және демалыс орны қамтылған.

-Коворкинг орталығында жастар ой-өрісін, шығармашылығын дамытуға бағытталған іспен айналысатын болады. Мұнда түрлі танымдық шаралар мен еркін форматтағы басқосулар өтеді. Әр салада жүрген жастардың, әсіресе, IT саласындағы мамандардың тың жобаларын жүзеге асыруға тырысамыз. Орталықтың есігі таңғы сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін ашық болады, - дейді «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев.

Гүлсезім БИЯШЕВА,

Zhaikpress.kz

 11

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»