Батыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты телекөпір өтіп, еліміздің барлық өңірлерінде жаңа агроөнеркәсіптік, индустриалды-инновациялық жобалар іске қосылды. Олардың қатарында жылына 7000 тонна құс етін өндіруді көздеп отырған «Жайық Агро LTD» ЖШС де бар.

Жаңа құс фабрикасының жобалық құны – 4200 млн. теңгені құрап, 150 жаңа жұмыс орны ашуды көздейді. Құс фабрикасы ішкі нарықты сапалы, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз етуге бағытталған. Кәсіпорынды іске қосу құс етінің импорт көлемін азайтуға ықпал етіп қана қоймай,  оны экспортқа шығаруға да мүмкіндік тудырмақ.  Сондай-ақ «Жайық АГРО» ұжымы алдағы уақытта құс азығын дайындайтын арнайы зауыт ашуды да жоспарларына енгізген.

FB_IMG_1512568614953-1– Елбасының тапсырмасымен біз экспортқа бағытталған өндірісті арттыру үшін жұмыстанудамыз. Биыл өңірде жалпы құны 8,2 млрд теңге болатын 10 жаңа жоба жүзеге асса, оның 6-уы экспортқа тауар шығаруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге де ерекше мән берілуде. Бүгін Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде біз жылдық қуаты 7000 тонна құс етін шығаратын жаңа кәсіпорынды іске қостық, - деді облыс әкімі А.Көлгінов.

Айта кетейік, өткен жылы өңірдің сыртқы тауар айналымы 4 млрд. АҚШ долларын құраса, оның 500 млн. АҚШ доллары Еуразиялық экономикалық одақтың үлесіне тиеді. Биылғы нәтижелер экспорт көлемінің былтырғымен салыстырғанда 10 пайызға өскенін көрсетіп отыр.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan