Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 31 жобаны іске асырмақ.

Оның ішінде бүгінгі күні өңірде 12 млрд теңгеден астам 10 жоба іске асуда. Мәселен Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында дәрігерлік емхананың құрылысы аяқталуға жақындаған. Ал облыстық клиникалық ауруханаға кәсіпкерлердің қаржысына магнитті-резонансты томограф орнатылмақшы. Кәсіпкерлер сондай-ақ жол құрылысы мен жолаушы тасымалына, көшелерді жарықтандыру мен бейнебақылау құралдарын орнатуға да қаржы бөлген. Іскер топ өкілдері сондай-ақ білім беру саласына да инвестиция құюға қызығушылық танытқан. Күні бүгін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ұстанымы бойынша шалғайдағы Жәнібек ауданында және қаланың қасындағы Круглоозерный, Желаев, Подстепный ауылдарында типтік үлгідегі 4 балабақша салынуда.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»