БҚО шағын және орта бизнестің даму көрсеткіші бойынша Астанадан кейін екінші орында

Бұл жайлы БҚО әкімі Алтай Көлгінов халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты. Дәл қазір Оралдағы Оқушылар және жастар сарайында облыс әкімі есеп беруде.

-Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жөнінен БҚО өңірлер арасында сегізінші орында. Елбасы 2050 жылға қарай өңірлік жалпы өнім саласында шағын және орта бизнес көлемін 50 пайызға жеткізу міндетін қойған болатын. Қазір ЖӨС-те шағын және орта кәсіп көлемі 42 пайызға жетті. Бұл бағытта жыл сайын 1,5-2 пайыз өсім бар. Бұл көрсеткіш бойынша өңірлер арасында Астанадан кейін екінші орындамыз. Бұл секторда облыста 112 мың адам жұмыс жасайды. Яғни бір жылда шағын және орта бизнеспен айналысатындар бес мыңға көбейіп отыр. Тұрғындар жеке бизнеспен айналысу керектігін ұғынып, бұл бағыттағы мембағдарламаларды тиімді пайдалануда, -деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Былтыр жалпы құны 21 млрд. теңгенің 184 жобасы мақұлданған. Жалпы облыста былтыр 1 трлн. теңгенің өнімі өндірілген.

Нұрлыбек Рахман,

Суретке түсірген Айбатыр Нұраш

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»