БҚО əкімі жұмыс сапарымен Қазталов ауданына келді

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов бірқатар елді мекендерге тартып жатқан су, газ құбырларының құрылыс нысандарымен, мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыстанып жатқан ауылшаруашылық құрылымдарының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Қазталов, Жаңақала, Бөкей ордасы аудандарына жұмыс сапарымен жолға шықты.

Өңір басшысы аудандарға сапарын Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округіндегі "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша тартылып жатқан ауыз су құбырының құрылыс барысымен танысудан бастады.

Кездесу барысында ауыл ақсақалдары округке су мен газ тарту мәселелері төңірегінде өтініштерін жеткізді.

Ал өңір басшысы Алтай Сейдірұлы Талдыапан ауылдық округіне ауыз судың биыл кіргізілетінін, ал көгілдір отынның келесі жылы тартылатынын айтты.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan