БҚО тұрғыны баласын мектепке қайықпен апарған

11

Ауа райының тез жылынуына байланысты Тасқала ауданындағы Шежін ІІ ауылы ішіндегі сай еріген қар суына толды. Бұл - жылда қайталанатын жағдай. Бірақ соны қызық көрді ме, ауыл тұрғыны мектепке баратын айналма жолмен жүрмей, баласын өз қайығына отырғызып тіке тартқан. Ол видео әлеуметтік желіде тарап, біраз дүрбелең туғызды.

-Бірақ қазір Шежінде су деңгейі төмендеп, қауіп сейілді. Кешкісін Шежін өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, сағат 8-де 5 см-ге төмендеді. Ауыл әкімі Талғат Шакиров өзен арнасынан су шықпағанын айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық шаралар қолға алынып, жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен судың жүретін бағыты жырылып, сегіз сағаттың ішінде 750 текше метр су сорылған. Өзендегі су деңгейі төмендеді. Тұрғындарға қауіп жоқ, - деп хабарлады Тасқала ауданындағы «Екпін» газетінің редакторы Назгүл Серікқызы.

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan