БҚО-да аурухана пайдалануға берілді

Бүгін Теректі ауданында күрделі жөндеуден кейін аудандық орталық аурухана пайдалануға берілді. Құрылыс-жөндеу жұмыстары 2017 жылдың шілде айында басталған. Ол үшін облыстық бюджеттен 480 млн.теңгеге жуық қаржы жұмсалды.

 Салтанатты шараға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары З.Аманжолова мен Б.Мәкен және облыс әкімі А.Көлгінов қатысты. Аудан тұрғындарын жаңа жылдың басындағы жақсы жаңалықпен құттықтаған облыс әкімі А. Көлгінов:

- Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында 19 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. Соның бірі – Теректі аудандық орталық ауруханасы. Бұл ең алдымен Елбасының жүргізген саясаты мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесі. Өткен жыл өңіріміздің Теректі ауданы үшін жемісті болды. Ауылдарға газ, су барды, жол жөнделді, мектептер жөндеуден өтті. Мұның барлығы - елдің әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылған істер. Жалпы денсаулық сақтау саласында атқарылған іс көп. Соның бірі облыста соңғы екі жыл ішінде 80 жедел жәрдем қызметінің көлігі сатып алынды. Қазір облыс орталығы толықтай қамтамасыз етілді, енді аудандарды да толықтай қамтуды жоспарлап отырмыз. Маман даярлау мәселесіне де ерекше назар аударудамыз. Биыл жергілікті бюджет есебінен 24 мектеп түлегінің медициналық жоғары оқу орнындағы оқу ақысы төленуде. Олар келгеннен кейін өңірдегі медицинацалық мекемелерде қызмет ететін болады. Мысалы өткен жылы облысқа 84 жас маман келсе, оның 42 дәрігері аудандарға жіберілді. Сондай-ақ Елбасының экономиканың барлық саласын цифрландыру бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында да ауқымды шаралар атқарылуда, - деді.

Кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова аурухана қызметкерлерімен кездесіп, өзінің дәрігерлік тәжірибесімен бөлісті.

Айта кету керек, бұл аурухана ғимараты 33 жылдан бері жөндеу көрмеген. Өткен жылы облыс әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі кезінде ауыл ақсақалдары осы аурухананы жөндеу мәселесін көтерген еді.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»