БҚО-да жылына 6 мың тонна құс етін өндіретін фабрика іске қосылады

Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Асхат Шахаров мәлімдеді.

-Таяуда Щапов ауылдық округінде жылына 6000 тонна құс етін өндіруге қауқарлы «Жайық Агро ЛТД» ЖШС-ның құс фабрикасын іске қосамыз. Жобаның құны 4087 млн. теңге, 200 адамға жұмыс беріледі. Белес ауылдық округінде «Жайық Петролеум ЛТД» ЖШС көмірсутекті шикізатты сақтау және өңдеу кешенінің құрылысын салуда. Онда 180 адамға жұмыс ашылады. Жоба құны 5,5 млрд. теңге. Бұл нысан 2018 жылы «жанданады», - деді Асхат Шахаров.

Әкімнің айтуынша, құрылыс саласындағы сегіз нысанның бесеуі пайдалануға тапсырылған. Оның ішінде ауыз сумен қамту нысанының бесеуінің құрылысы биыл басталған. Олардың төртеуінің құрылысы аяқталған. Володар ауылындағы су құбырын тарту жұмысы 2018 жылы аяқталады. Тәуелсіздік күні қарсаңында Калинин ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. Биыл 14267 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,8%-ға артық. Сондай-ақ өткен жылы Дариян ауылындағы сегіз көшенің жолы «ҚПО б.в.» компаниясының инвестициясына  күрделі жөндеуден өткізілген. Макаров, Жайық, Өркен  ауылдарына кіреберіс жолдар ағымдағы жөндеуден өткен. Осы жұмыстарға облысық бюджеттен 80 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan