Биыл Бөрлі ауданында ауқымды құрылыстар жоспарланған

123

Былтыр Бөрлі ауданында өнеркәсіп өндірісі  1 469,1  млрд. теңгені, инвестиция көлемі 105,2 млрд. теңгені құраған. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 75,3% артық. Бұл жайлы Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов аудан халқы алдында есеп бергенде айтты. Есептік кездесуге облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысуда.

Бұл ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысаны – 4 730. Олардың өндірген өнімі мен көрсеткен қызметі былтыр 533,6 млн. теңгені құраған. Аймақтық үйлестіруші кеңес бұл аудандағы 920,8 млн. теңгенің 29 жобасын мақұлдаған. Сол арқылы 136 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Былтыр Бөрлі аудандық әкімдігі жел электр станциясын салу жөнінде  «Жел энергиясы» ЖШС-мен келісімшарт жасады. Голландиялық технологиямен жүз гектар аумаққа 50 генераторлық станция қойылады. Қуаттылығы 50 МВт станция 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жобаланған.

Аудан әкімі биылғы жоспарларымен де бөлісті. Атап өтсек, биыл Ақсай қаласының оңтүстік бөлігіндегі 14 көшеге, қаланың ескі бөлігі мен 14 көшеге жол салынбақ. Пугачев, Бумакөл, Бөрлі, Ақсу, Жаңақоныс ауылдарының басты көшесіне қоса кіреберіс жол жөнделмек. Ақсай қаласы  мен Қызылтал ауылындағы 4 саябақты абаттандыру жоспарланған. Аудандық музей мен Ақсайдағы №3, 4, 5 мектептер күрделі жөндеуден өтпек. Бумакөл ауылында балалар лагері салынбақ.

Әкімнің баяндамасында Киров, Александров, Успен, Тихонов және Бумакөл ауылдарында отбасылық үлгідегі жатақхана, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі арқылы үй кезегінде тұрғандарға 3 тоғыз қабатты тұрғын үй салынатынын айтты.

zhaikpress.kz

суретке түсірген Айбатыр Нұраш

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»