Биыл Орал шаһарында он мың тал-терек егілмек

1111111

Жарияланған тазалық айлығы Зашаған кентіндегі "Арман" шағынауданынан бастау алды. Бүгін облыс пен қала әкімдігі аппараты, мекеме-кәсіпорындар қызметкерлері, студент жастардың қатысуымен аталған шағынауданның аумағы тазартылып, 120 шырша егілуде.

Терек егу жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, алғашқы шырша көшеттерін өз қолдарымен екті.
Сенбілікке белсене қатысқан жұртшылықпен бірге білек сыбана еңбек еткен облыс басшысы тұрғындарды отырғызылған көшеттерге қамқорлықпен қарауға шақырып, бұл да жас ұрпақ үшін, өсіп келе жатқан балалар үшін тəрбие болып табылатынын атап айтты.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің айтуынша, жалпы айлық барысында қала бойынша әкімдік тарапынан 2000, кәсіпорындар мен тұрғындардың атсалысуымен 8000 терек отырғызылады деп күтілуде.

Сондай-ақ мамыр айында өзендердегі су деңгейі төмендеген соң өзен жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізілмек.

Одан кейін тазалық жұмыстары "Жұлдыз" шағынауданындағы 5-ші маршруттың соңғы аялдамасында және "Строитель" шағынауданындағы 34-ші үй аумағында жалғасын тапты.

Нұрбек Оразаев

Суретті түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»