Фомин-Қазталов шекара бекеттерін ашу екі елге де тиімді болмақ

Бұл туралы РФ Саратов облысы Александров-Гай муниципальдық ауданының басшысы Сергей Федечкин мен Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбековтың іскерлік кездесуінде айтылды.

Кездесуде екі ауданның даму қарқыны туралы әңгіме қозғалды. Екі тарап өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді. Әсіресе, Фомин-Қазталов шекаралық өткізу бекетінің толыққанды ашылу мүмкіндігі туралы кеңінен айтылды.

- Фомин-Қазталов шекаралық өткізу бекетінің толыққанды іске қосылуы екі ауданға ғана емес екі елдің экономикасына қыруар  пайда келтіреді,- деді аудан басшысы С.Федечкин.

Сонымен қатар, бекет ашу мәселесі  Ресей Думасында көтерілгенін, бүгінде бұл шаруаны Саратов облысының губернаторы В.Радаевтың тікелей бақылауына алынғанын жеткізді.

Осы жағдайға байланысты Қазталов ауданының әкімі  электр жарығын тартуға және жол жасауға тиісті құжаттар дайындалып жатырғанын тілге тиек етті.

11

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»