Құрметті батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Биылғы жаңа жылды Қазақстанымыздың үшінші жаңғыруының тарихи куәгерлері ретінде бас қосып қарсы алудамыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей, «Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады!» Мұндай қарышты қадамға жақында ғана Елбасы қол қойған мемлекетіміз үшін мәні зор дәуірлік шешім Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жол ашады. Сөйтіп, Отанымыздың басты құжаты кемелдене түсті.
Биылғы Наурыз баршаға бүкілхалықтық серпін әкелді. Өйткені, халықтың, мемлекеттің жүрегі – Астана бүкіл дүниежүзіне құшағын айқара ашып, ЭКСПО арқылы еліміздің атын тағы да бір рет айдай әлемге паш етеді. Осындай бастамалардың өзінен-ақ мемлекетіміздің болашағы жарқын, тұғыры берік екенін аңғаруға болады.
Осы береке-бірлік, ырыс-ынтымақ Наурыз мерекесінде жарасымды көрінісін тауып келеді.
Наурыз мерекесінде адамдар бір-біріне құшақ жайып көріседі, өкпе-назды кешіріседі. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»,– деп көшет отырғызады. Осы күні тілеген тілек түгел қабыл болады деп кәміл сенеді.
Әрбір отбасына, әрқайсысыңызға сарқылмас бақыт тілеймін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!

 

Құрметпен, 

Батыс Қазақстан облысының әкімі                                      А. Көлгінов

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan