«Депо» көпірінің құрылысына дайындық қарқынды жүруде

Қазіргі уақытта «Депо» шағын ауданы аумағындағы көпір құрылысына дайындық қызу жүруде. Құрылыс учаскесіне барған облыс әкімі Алтай Көлгіновке «КА-Строй ЛТД» ЖШС өкілдері жұмыс барысын баяндады. – Бүгінге дейін көпірді бөлшектеу жұмысының 95 пайызы аяқталды.

  Ескі көпірдің темір жол үстіне тартылған төрт төсем бөлігі ғана қалды. Көпір құрылысына қажетті темір бетонды конструкцияның 30 пайызы тасымалданды. «Қазақстан Темір жолы» АҚ басшылығы құжат жүзінде келісім бергеннен кейін, келесі апта ішінде көпірді бұзуды аяқтаймыз. Қазіргі уақытта құрылыс аумағында 39 адам еңбек етуде. Серіктестік қарауында 13 техника бар. Жұмыс мерзімі тәулігіне 6 сағатқа ұзартылды, – деді учаске басшысы Бақыт Бектұрғанов.

  Облыс басшысы Алтай Көлгінов Оралдан Астана мен Алматы қалаларына қатынайтын «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы іске қосылғанша, көпірді бұзуды ерте аяқтаған жөн екенін айтты. Әйтпесе, жұмыс кестесін реттеу қиындық тудырмақ. «Жоба бойынша автокөлік көпірін күрделі жөндеу мерзімі 24 айға жоспарланған. Бірақ шаһардың ортасында орналасқандықтан, көпір құрылысын ұзақ мерзімге созу қолайсыз. Сондықтан жыл соңына дейін құрылысты аяқтауды жоспарлаған жөн. Көпірдің тірек бағаналары мен негзігі төсемдері ерте салынса, қысқы маусымнан кейін автожолды асфальттауды уақтылы бастаймыз, – деді облыс басшысы Алтай Көлгінов.

  Жобаға сәйкес көпірдің ені төрт бағыттағы автокөлік қозғалысына лайықталып, 8 метрден 19,5 метрге дейін кеңейеді. Екі жағына жүргінші жолы тартылады. Көпір құрылысына қаржы көздерінен 2,3 млдрд. теңге жұмсалады.

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan