Депуттаттар заманауи ғимараттарды аралады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа  Ізмұхамбетов пен Абай Тасболатов, облыс әкімі Алтай Көлгінов шаһардағы теннис орталығы мен Оқушылар сарайында болды.

Мәртебелі меймандарды теннис орталығының жұмысымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева таныстырды. Әсия Рақымқызының мәліметінше, заманауи жаттығу алаңымен жабдықталған теннис орталығында 130-ға  жуық оқушы жаттығады. Мұндағы жасөспірімдердің дені оқу-жаттығу топтарында, ал кейбіреуі дәрігердің нұсқауы бойынша тек теннис ойнайды. Теннис орталығына бес-алты жастан бастап қабылданады. Сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы депутаттарға теннис кортын, жаттығу залын таныстыра жүріп, бұл орталық еліміздегі бірден-бір заманауи теннис орталығы екенін және мұндағы жас теннисшілердің болашағынан зор үміт күттіретінін айтты.

- Қазақстанның  үстел теннисі  федерациясының президенті болдым.  Үстел теннисі ойынын  өте жақсы көремін. Мұндай заманауи жабдықталған спорт сарайында жаттыққан  бүлдіршіндеріміз болашақта спорт шеберлері болатынына сенемін. Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы да теннис ракеткасын еркін меңгерген. Кортта кез келген кәсіби теннисшіні шаң қаптырады. Спорт саласында да Нұрсұлтан Әбішұлы бізге үлгі болып келеді. Бұл зәулім спорт кешені  халықтың игілігіне қолданылып, өскелең ұрпақ осы жерден тәрбие алып, салауатты өмір салтын ұстанатынына сенемін, - деді Бақтықожа Салахатдинұлы.

Содан кейін өңір басшысы Алтай Көлгінов пен депутаттар бесінші шағынаудандағы Оқушылар сарайына барды. Оқушылар сарайында  шахмат, дойбы, би,  спорттық, техникалық үйірмелер мен бассейн, жасөспірімдерге арналған бокс алаңы бар. Аталмыш кешеннің  директоры Сандуғаш Алмамбетованың айтуынша, жаз мезгілінде  1540 оқушыны қамтитын  36 үйірме жұмыс жасап тұр.  Бұл жерде  спорттық жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрады. Жуырда Оқушылар сарайына  Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов келіп, шеберлік сағатын өткізген. Ал содан кейін бокс үйірмесіне  келетін жасөспірімдердің саны артқан.

Жасөспірімдердің заманауи оқу-жаттығу кешендерін  аралаған   ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Орал шаһарында  жастар мен жасөспірімдердің  спортпен шұғылданып,  шығармашылығын  шыңдауы  үшін барлық жағдай жасалғанын  айтты.

                               ***     ***    ***

Содан соң  аталмыш  делегация  Орал трансформатор зауытының жұмысымен танысуға барды.

Орал трансформатор зауыты  индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылы ашылған.  Кәсіпорын қуаттылығы жоғары бөліп тарататын майлы немесе құрғақ трансформаторларды  шығарады.  Аталмыш мекеменің атқарушы директоры  Ақжол Сауранбаевтың мәліметінше, трансформатор зауыты шетел инвесторларымен бірлесіп,  электртехникалық құрал өндіру бойынша өзара меморандумға қол қойған. Осы арқылы жұмыс орындары еке есе өсіп, экспорт көлемі артқан. Зауыт өнімінің 96%-ы экспортқа шығарылған. Зауыт өнімі  Ресейге, Арменияға, Грузияға экспортталуда. Орал трансформатор зауыты былтырғы жылы  3000 трансформатор жасап шығарса, биыл  3000 трансформаторды бірінші жартыжылдықта жасаған. Аталмыш кәсіпорын биыл  7000 трансформатор шығаруды жоспарлаған. Жуырда  алғашқы келісім бойынша Арменияға 200 дана трансформатор жөнелтілмек, кейін 300 дана  жіберу жоспарланған. Зауытта 210 адам жұмыс жасайды.    Қазіргі уа­қытта оралдық кәсіпорын өнім сапасын жоғары деңгейге көтеру, өндірістік шығынды азайту, өнім­­нің сапалық техникалық сипаттамаларын жақсарту бағытын­да  жұмыстануда. Заманауи еуропалық құрал-жабдықтармен жабдықталған аталмыш мекемені аралаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары кәсіпорынның жұмысына оң бағасын берді.

Депутаттар шаһардағы «Квант» жиһаз зауытында да болды. Онда  «Квант » ЖШС-ның директоры Михаил Пшеничный жиһаз фабрикасының жұмысымен таныстырды.  Серіктестік директорының айтуынша, кәсіпорын жасайтын корпустық ­ және жұмсақ жиһаздар,­ паралон матрас және ­бұл бағытта басқа да қажетті материалдарды­ң сапасы жақсы әрі эк­ологиялық  таз­а және  бағасы арзан болып келеді. Зауытта жатын бөлме, ас үй, балалар жиһаздары өндірілуде.  Шикізат Ресейден тасымалдануда.  Жұмыс барысымен танысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары зауыт өнімінің сапасына оң бағасын беріп, қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan