Электрондық формат дизель отынын әділетті бөлуге мүмкіндік береді

1

Қазіргі таңда бүкіл еліміз бойынша алқаптарды электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. Осынау жұмыстар осы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс. Бұл бағытта облысымызда тиісті шаралар атқарылуда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақов айтты.

- Алқаптарды электрондық форматқа көшіру арқылы ауыл шаруашылығы жұмыстарына бөлінетін дизель отынын әділетті бөлу тетіктері айқындалады. Электрондық порталы арқылы оператор дизель отынын online сатуға, ал шаруалар сатып алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ олар электронды келісімшарт жасасады. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы аясында 2018 жылы 792,0 млн. теңге қаржы бөлінген. Жылыжайларда өңдеп өсірілетін көкөніс дақылдарына 1 гектарына 5 млн. теңге төленеді. Бұл ретте жылыжайларда өңдеп өсірілетін көкөніс дақылдарына тиесілі субсидия көлемі жылыжайдың іске қосылған уақытына байланысты төленеді. Субсидияларды белгіленген нормалардан саралап төлеу 20%-дан 100%-ға дейін деп есептеледі, - деді Сатқан Ержанұлы.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan