Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында Оралдағы қалалық М.Горький атындағы кітапханада Латын әліпбиі кабинеті ашылды.

11

Кабинеттің ашылуына Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері, мәдениет мекемелерінің басшылары, ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен 5517 әскери бөлімінің тіл мамандары қатысты.

Аталмыш кабинетте ұлттық альфавит, семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері оқытылатын болады. Сондай-ақ, мұнда тек кітапхана қызметкерлері емес, барлық қала тұрғындарымен қатар ұлттық ұланның жеке құрамы да да латын әліпбиіне үйрене алады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық басқармасының офицері капитан Ө.Ғабит және кітапхана қызметкерлері қатысты.

М.Горький атындағы кітапхана директоры Гүлайым Ақашаеваның сөзінше, латын графикасын оқытуға арналған мұндай кабинеттер алдағы уақытта облысымыздың аудандарындағы барлық кітапханаларда ашылмақ. Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тіл секторының меңгерушісі Роза Зайнуллина алғашқылардың бірі болып латын әліпбиі кабинетінің қаламыздағы кітапханада ашылуы тарихи екеніне басымдық берді.

– Біз тәуелсіздік алғанмен, жазуда тәуелсіздікке қолымыз жетпей жүрген еді. Ал 2017 жылдың 26-қазанында Елбасы олқылықтың орнын толтырды. Енді жаңа әліпби үлгісі қабылданды. Бұрын екі тілде 76 әріп қолданып келсек, енді бір тілде 32 әріппен жазатын боламыз. Жаңадан ашылып жатқан кабинеттің латын тілін меңгеруде алар орны ерекше, – деді Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тіл секторының меңгерушісі Роза Зайнуллина.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірліқ жанындағы халық мәдениеті университетінің ректоры Шамиль Меңдіғалиев осы графикаға ауысуды 2000 жылдан бері күтіп келгенін айтып, латын жазуының қазақты топтастыруы керектігін алға тартты.

– Біздің бірлігіміз, тірлігіміз мықты болуы керек. Осы жерде жастарға айтарым, латын жазуы – біздің болашағымыз. Сондықтан осы жазуды қазірден бастап үйренуге, жазуға шақырамын,– деді Ш.Меңдіғалиев.

Кітапхана қызметкері Гүлнұр Алғазы латын әліпбиіне көшудің мәні мен маңызын түсіндіріп, латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиімен таныстырды, жаңа әліпбиде кездеспейтін «ц», «э», «ю» әріптерін латын таңбасымен қалай жазылатындығы, сондай-ақ компьютерде кириллицамен терген мәтінді автоматты түрде латын графикасына аудару үшін конвертерді қолдану, қазіргі пернетақталардағы қазақ тіліне тән әріптерді латын графикасымен жазу үшін пернетақтада қалай теру тәсілі туралы әңгімеледі.

Шара барысында көрермендер кабинетке қойылған 1929-1940 жылдар аралығындағы латын графикасы негізіндегі қазақстандық кітаптар мен мерзімді басылымдардың көрмесіне куә болды.

Гүлзада Ғұмарова, Орал.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»