Ақжайық ауданына әкім болып Қалияр Айтмұхамбетов тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссиясының ұсынысы және ҚР Президенті Әкімшілігі мен Ақжайық ауданының мәслихатының келісімі бойынша Ақжайық ауданына жаңа әкім тағайындалды.

Жаңа аудан басшысын облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан активіне таныстырды.

Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы - 1969 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «агроном», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары:

-        Шыңғырлау ауданында совхоз директорының жастар ісі жөніндегі орынбасары, агрономы;

 -    Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік бөлімінің бас маманы,  жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің бастығы;

-        Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, бұдан кейін Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары болып 8 жыл жұмыс жасады.

2017 жылдың тамыз айынан бастап БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының басшысы болды.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»