Халық композиторы, әнші-ақын Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына арналған республикалық дәстүрлі әншілер байқауының ақпараты

Үстіміздегі жылдың 18-20 қазан күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Батыс аймағының дәстүрлі ән мектебінің негізін қалаушы, халық композиторы, әнші-ақын Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына арналған республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты - өнер әлемінде өзіндік орны бар біртуар тұлға, әнші-композитор Мұхит Мерәліұлы есімін мәңгі есте сақтау, дәстүрлі ән мектебінің ұлы көшін үзбей, келешек ұрпаққа кеңінен насихаттап, өнер әлемінде жаңа есімдерді ашу.

Аталмыш шараның шымылдығы 18 қазан күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның залында жеребе тастау рәсімімен басталып, қатысушы үміткерлер өз реттік сандарын анықтады.

Байқаудың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов құттықтау сөз сөйлеп, ән мерекесімен құттықтап, ұрпаққа ұлағатты іс екеніне тоқталып өтсе, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева Мұхит баба әнінің мәңгі өлмейтінін жыр шумақтарымен жеткізді.

Өнер додасының І кезеңінде еліміздің әр облысынан: Астана, Алматы, Семей қаласы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облысы және БҚО Ақжайық өңірінен 22 үміткер сынға түсті.

Байқау шарты бойынша қатысушылар Мұхит Мерәліұлы, Ғарифолла Құрманғалиев, Жаяу Мұса, Салғара Жәңкісұлы, Ақан сері және халық композиторларының шығармаларын орындады.

Байқауға: Түркістан каласынан арнайы келген ҚР Халық артисі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек Бекбосынов /қазылар төрағасы/, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, әнші-термеші Қатимолла Бердіғалиев, Ақтөбе қаласының «Мәдениет майталманы» белгісінің иегері, әнші-термеші Хайдар Өтеғалиев, Атырау қаласынан келген республикалық байқаулардың жеңімпазы, Дина Нүрпейісова атындағы академиялық оркестрінің әншісі Қайрат Какімов,ҚР еңбек сіңірген артисі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі Сәуле Таудаева, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі, Мұхит қоғамдық қорының директоры Сағдат Рахметжанов, Ғ.Құрманғалиев атындағы облстық филармония әшісі, республикалық байқаулардың лауреаты Серік Абдрахмановтар қазылық етіп үміткерлерге оң бағасын берді.Бірінші іріктеу кезеңінен 22 үміткердің 20-сы ІІ кезеңге өтті.

19 қазан күні байқаудың ІІ, ІІІ кезеңінде 20 үміткерлердің 12-сі іріктеу кезеңінен өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті.

Облыстық қазақ драма театрында өткен марапаттау рәсімінде Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжановқұттықтау сөз сөйлеп, Мұхит бабаның ұрпағы Әсия Мұхитоваға камзол,гүл шоқтары ұсынылып, құрмет көрсетілді. Екі күнге созылған өнер бәйгесі өз мәресіне жетіп, әділқазылар жеңімпаздарды диплом, алғыс хаттармен марапаттады.

Байқау қорытындысы бойынша: Бас жүлде Елеуов Данияр (БҚО Ақжайық ауданы), І орын /Мұхит Мералыұлы атындағы диплом/ Асканов Нурым (Алматы қаласы), ІІ орын /Шайхы Нәуұлы атындағы диплом/ Қажғалиев Бейбіт (БҚО Орал қаласы), ІІ орын /Шынтас Қаратаев атындағы диплом/ Өмірәлі Ернар (БҚО Орал қаласы), ІІІ орын /Жақсылық Сәрсенғалиев атындағы диплом/ Күзенбаев Әділет (Ақтөбе қаласы), /Қаламқас Орашева атындағы диплом/ Қасымова Зинат (Астана қаласы), /Қалампыр Рахимова атындағы диплом/ Серікбаева Фатима (Атырау қаласы) иеленді.

Дипломанттар: Мусағалиев Жасұлан (ШҚО Семей қаласы), Баймағамбет Әзімхан (Ақтау қаласы), Абдирова Ғазиза (Ақтөбе қаласы), Орынбекова Жұлдыз (Астана қаласы), Жумалиева Кулимхан (Алматы облысы).

Алғыс хат: Ислямғалиев Армат (БҚО Орал қаласы), Мейірхан Нұржан (Астана қаласы), Мұханбетжанова Айжан (БҚО Орал қаласы), Қабиева Назгүл (Астана қаласы), Ахмедияр Нұрдәулет (Атырау қаласы), Қосшығұлқызы Мейрамгүл (Атырау қаласы), Ибраев Абугали (Ақтау қаласы) , Хасанова Гүлжайна (Атырау қаласы), Сисенов Артур (БҚО Орал қаласы), Кемелханова Ақмарал (БҚО Орал қаласы).

Әдемі кештің әсерлі шырайын кіргізген салтанатты шара облыс өнер шеберлері мен байқау жеңімпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

20 қазан күні Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қаратөбе ауданы Саралжын, Ақбақай ауылдарында Мұхит Мерәліұлының «Сары дала сағынышы - сал Мұхит» республикалық мәдени-көпшілік шараларымен жалғасады. Мұхит баба басына зиярат етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Сонымен қатар қонақтарды аудандық мұражаймен таныстырып, кейін далалық спорттық шаралар /түйе палуан, қой көтеру, гір тасын көтеру, қол күресі/ оздырылып, дала қызықтары /аламан бәйге, тай жарыс, аударыспақ, ұлттық ойындар/ ұйымдастырылып, аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концерті өтеді.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan
Назад