Қаратөбеде саябақ ашылды

1Қаратөбе ауданының 90 жылдық мерекесіне орай «Астана» саябағы салтанатпен ашылды.

-Қойнауы тарихқа толы өңір Қаратөбе ауданына 90 жыл толып отыр. Дәл қазір салтанатты түрде ашылғалы тұрған «Астана» саябағы – өңір азаматтарының аудан мерейтойына тартуы. Аудан тұрғындарына осындай сый жасап отырған елжанды азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін.

Мереке қонақтары мен аудан тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Елім деген өңір азаматтарының бірлігі ажырамай, өзгеге үлгі бола берсін деп тілеймін! Мереке құтты болсын! - деді аудан әкімі Жанат Асантаев.

Саябақтың лентасын қию рәсімін аудан әкімі Жанат Асантаев пен жерлес ғалым Рахымжан Елешов жүргізді.

Жаңа саябақта тұрғындардың демалуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Саябаққа Астаның символына айналған «Бәйтерек» монументі (биіктігі 9,7 метр) мен субұрқақтар, балалар ойын алаңы, ерекше көз тартар орындықтар мен жарықшамдар ерекше сән беріп тұр. Сонымен қатар, күннен қуат алатын құрылғылармен жабдықталып, WI-FI тарататын орындықтар мен жарық шамдары да саябаққа орнатылған.

Аудан орталығындағы жаңа, әсем саябақтың бой көтеруіне өзіндік үлестерін қосқан елжанды азаматтар Жандос Айталиев, Талаптан Дауылтаев, Құсайын Мұқанов, Ермұрат Сариев, Радик Хайыровтарға аудан тұрғындары дән риза.

Шараның ашылу салтанатынан кейін мерейтой қонақтары мен тұрғындар саябақты аралады.

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

 

1111

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»