Қаратөбеде ғалым Қажым Жұмалиевтің мүсіні ашылды

1Қаратөбе ауданының 90 жылдық мерекесінде академик, филология ғылымдарының докторы, Қаратөбе жерінде дүниеге келген Қажым Жұмалиевтің мүсіні салтанатпен ашылды.

Мүсінді ашу құрметі ақын Айсұлу Қадырбаева мен профессор Мәлік Шәлменовке ұсынылды. Ашылу рәсімінен кейін ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Салтанатты рәсімде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақзия Ниязғалиева, Республикалық агрохимия және топырақтану ғылыми институтының директоры, Ұлттық ғылыми академияның академигі Абдолла Сапаров сөз сөйлеп, ақын Құмарғали Ғұбайдуллин Қажымға арналған өлең шумақтарын оқып берді.

- Академик, жерлесіміз Қажым Жұмалиев соңында өшпес мұра қалдырды. Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға. Біз әркез ол кісімен мақтанамыз. Бүгінгі күні ұлы тұлғаға арналған бюсттің ашылуы – бұл Қаратөбе халқының ғалымға деген ерекше құрметі деп білеміз, - деп жазушының ерекше тұлғалық қасиетін атап өтті аудан әкімі Ж.Асантаев.

Айта кету керек, мүсін аудандағы жазушының атына берілген көшеде орналасқан. Бюст жеке кәсіпкер Болат Қамиевтің демеушілігімен бой көтеріп отыр. «Біз Қажым ағамызды мектеп кезінен білеміз. Жастайымыздан ол кісінің «Жайсаң жандар» атты кітабын оқып өстік. Осындай тұлғаның ескерткішіне демеушілік жасауды өзімнің парызым деп білдім» дейді кәсіпкер.

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

 

111 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»