Кеңтүбек ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

1Үш жүзге тарта ауласы бар Кеңтүбек ауылында пайдалануға фельдшерлік-акушерлік пункт берілді.

Ауыл ауыл боп құрылғалы медициналық пункт ғимараты бесінші рет ашылып отыр. Тұрғындар бұрынғы ғимараттардың заман талабына сай келмегендігін айтады. Енді мыңнан аса халқы бар ауыл тұрғындары сапалы медициналық қызмет ала алады. Бұған дейін дәрігерлер бұрынғы мектеп жаныдағы ескі балабақшадан босап қалған ғимаратта халыққа қызмет көрсетіп келген болатын.

Емдеу мекемесі соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталған. Диагностикалық бөлмедегі кабинаға қаладағы өзге емханалар әлі де қол жеткізе алмай келеді. Жаңа нысан тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Медициналық нысан зертхана және қант диабетіне шалдыққан тұрғындарды бақылауда ұстайтын аппаратпен де қамтылған.

Ғимаратты «KazConstructionGroup» ЖШС салып берді. Жұмсалған қаражат 53,5 миллион теңге. Әзірге фельдшер,акушер және мейірбике қызмет етеді. Мекемеге алдағы уақытта белгіленген кесте бойынша аудан орталығынан әр түрлі бейіндегі дәрігерлер келіп қабылдау жүргізетін болады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»