Оралда тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу жөнінде жиын өтті

1

Бүгін облыс орталығында «БҚО-да қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбында семинар-жиын өтті.

Семинарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов, «Kaz Waste» қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастықтың атқарушы директоры Вера Мустафина, мемлекеттік органдар жетекшілері, қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорындар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында қалдықтармен жұмыс жасаудағы туындайтын мәселелер мен даму болашағы, қалдықтарды жинау, іріктеу, жою және өңдеу жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуы қаралды. Сонымен қатар, қатысушылар тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, жою және өңдеу жүйесін енгізу және дамыту,аймақтық деңгейде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кәсібін жүйелендіру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

- ҚР Энергетика министрлігі мен облыс әкімдігі 2020 жылға дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлшектеп жинау, іріктеу, жою және өңдеу жұмыстарын енгізу бойынша 4  Жол картасын  (Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандары, Орал қаласы) бекітті. Қазіргі таңда өңірімізде қалдықтарды жою және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар бар. «Кама центр» компаниясының автокөлік шиналарын және басқа да резеңке өнімдерді қайта өңдейтін зауыты соған дәлел бола алады,- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»