Оралдық экспедиция Хан бөгетін зерттеуге аттанды

1«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Киелі жерлер географиясы» жобасы аясында «Хан бөгеті» халықаралық ғылыми-танымдық экспедициясы көршілес Ресей елінің Волгоград облысы, Палласов ауданының Максимовка және Кумысолечебница елді мекендеріне жорыққа аттанды.

Құрамына Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ғалымдары мен тарихшылары енген экспедицияның басты мақсаты Жәңгір ханның 1842 жылдың күзінде тұрғызған бөгеті мен ол жердегі қорымдарды зерттеу болып табылады.

- Жәңгір ханның салып кеткен бұл бөгеті Ресей мен Қазақстанның игілігіне жарап, екі елдің ара-қатынасын одан әрі нығайтады деп ойлаймыз. Біз тек Хан бөгетін зерттеумен шектеліп қалмаймыз, ауызекі әңгімелерді жинап, қорымдарды зерттейміз. Мүмкін тарихта өздерінің іздерін қалдырған ұлылардың қорымдары табылып қалар деген үміттеміз. Сондай-ақ сол жерде қазір атауы өзгерген Борсы, Шәңгерей деген ауылдар болған. Соны өз көзімізбен көріп, қалған ғимараттар болса мемлекеттің қорғауына алуға атсалыссақ дейміз, - дейді экспедиция басшысы, Жәңгір Хан атындағы БҚАТУ-дың тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұржан Төлепов.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

zhaikpress.kz

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»