Оралда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде

Облыс әкімі Алтай Көлгінов облыс орталығындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс қарқынымен танысты.

Өңір басшысы алдымен Құрманғазы көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын көрді. Облыс әкімі мердігер мекеме басшыларына жол жөндеу жұмыстарын күннің райы бұзылмай тұрып тез әрі сапалы жөндеуді тапсырды. Бүгінгі күні облыс орталығында 43 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталды, қалған 7 көшеде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ облыс әкімі құрылысы аяқтала келген Гагарин көшесі 1 мекен-жайындағы 9 қабатты тұрғын үйдің, іргетасы қаланып жатқан Скоробогатов 65/1 мекенжайында орналасқан көп қабатты үйдің құрылыс қарқынын көрді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы үй салып жатқан компания басшыларына тұрғын үйлердің сапалы әрі уақыты салынуын, үйлердің қала көркін аша түсетіндей сәнді тұрғызылуы керектігін айтты.

Облыс әкімі ағымдағы жылы сүріледі деп жоспарланған Еуразия көшесі 246, 246/1, 246/2 мекенжайындағы апатты үйлерді көріп, тұрғындармен тілдесті. Үй салушы мердігер мекеме басшыларына тозығы жеткен үй тұрғындарын уақытша пәтерге орналастыруды, құрылыс аяқталған сол сондай шаршы метр баспанамен қамтуды қатаң назарда ұстау керектігін айтты.

Cонымен бірге Зашаған кентінде құрылысы аяқталып жатқан Дақ №1 үйді көрді. Бұл 9 қабатты тұрғын үйдің пәтерлері «7-20-25» бағдарламасы арқылы беріледі. Қазіргі таңда тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, тұрғын үй қасынан 200 орындық балабақша  құрылысы басталды.

Бірқатар нысандарды аралаған соң, облыс әкімі нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапалығын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берді.

 


ФОТО. Александр Куприенко

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»