Орал қаласында қыркүйек айында жаңа психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті (ППТК)ашылады

БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ - КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ: 
ҚАЗАҚСТАНДА ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ

Барлық бала талантты және сапалы білім алып, дамуға құқылы, ал мамандардың уақытылы және кәсіби көмек беруі олардың өмірін жақсы жағына өзгертуі мүмкін және барлық баланың жарқын болашағына мүмкіндік береді, соның ішінде – даму мүмкіндігі шектеула балаға.  
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дара» қайырымдылық қорымен бірге «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»: Қазақстанда инклюзивті қоғамды құру» жобасын жүзеге асыруда. 
Жоба даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу және дамуына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Жоба сонымен қатар елімізде инклюзивті білімді тиімді енгізу және даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Орал қаласында 2500 мыңнан астам даму мүмкіндігі шектеулі бала тұрады. Сонымен қатар қалада балаларға және ата-аналарға тегін кәсіби көмек көрсететін арнайы және оңалту мекемелері қажет. 
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және «Дара» қоры арасындағы қол қойылған меморандум негізінде 2017 жылы Орал қаласында жаңа психологиялық - педагогикалық кабинет ашылады. 
Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинетінде (ППТК) дамуы ерекше кез-келген бала және оның жанұясы дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, уқалаушы, тифлопедагог сияқты білікті мамандардың көмегін ала алады. Қызмет балаларға және отбасыларына тегін жүргізіледі. Біздің стратегиялық мақсатымыз - ерекше баланы өсіріп жатқан отбасыларға бұл кабинеттердің әрдайым қолжетімді болуы.  
ППТК - да балалар тек білікті оңалту көмегін алып қана қоймайды, сонымен қатар психологиялық көмек, әлеуметтендіру және араласуға мүмкіндік алады. Сабақтар қазақстандық, ресейлік және шетелдің үздік тәжірибе қолданудың жаңа әдістерін, соның ішінде жаңа үлгідегі құралдар және дамыту материалдарын пайдалану арқылы өткізіледі. 
Түзету кабинетінің құралдар құрамына ЕДШ залы, Монтессори, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, түрлі логопедиялық тренажерлар, дамыту материалдары және ойыншықтар кіреді, мамандар үшін әдістемелік кітапхана, сонымен қатар бағдарламалық қамсыздандыру, бала дамуын кешенді бағалауға және өткізілген сабақтардың тиімділік мониторингісін өткізуге мүмкіндік береді.     

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде:
• Жыл сайын орта есеппен ерекше балалары бар 150 - 200 отбасына 3 айдан 12 айға дейінгі мерзім аралығында түзете-дамыта оқыту циклдерімен кешенді көмек алуға мүмкіндік алады;
• Орал қаласында түзету қызметтерін алу үшін кезек азаяды;
• ерекше білім алуға сұранысы бар балаларға ұсынылатын әлеуметтік бейімдеу және оңалту қызметтері кеңейеді;
• бұндай тірек кабинеттерінің болуы жақын жерде орналасқан жалпы білім беретін мектептердің ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті білімді белсенді түрде енгізуге мүмкіндік беретін болады, себебі оларда кәсіби қолдау көрсете алатын тиісті дефектолог - мамандары болады.  

Анықтама:
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қайырымдылық, әлеуметтік - белсенді бағдарламаларды жүзеге асыратын «Самрук-Казына» ұлттық әл-ауқат қор компаниясы жанындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасының жобасы.   
Дара қоры – жеке қайырымдылық қор, оның міндетіне жобаны жүзеге асыруға бағытталған балалар медициналық мекемелеріне, балалар үйлеріне, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп–интернаттарға көмек көрсету кіреді. Өз қызметінде «Дара» қоры жетім, мүмкіндігі шектеулі және ауру балаларды дамыту мүмкіндігін кеңейту, өмір сүру жағдайын жақсартуды жүзеге асырады. 
 «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»: Қазақстанда инклюзивті қоғамды құру» жобасы Қазақстан бойынша психологиялық–педагогикалық кабинеттер желісін кеңейту мақсатында жүзеге асырылады. Жоба аясында 2014–2017 жылдары аралығында түрлі аймақтарда 15 түзеу кабинеттері ашылып, жабдықталды. Жоба мемлекеттік–жекешелік әріптестік негізінде іске асырылады.

Видео

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan