«Болашақ» балабақшасы пайдалануға берілді

Бүгін Шыңғырлау ауданында жаңа 290 орындық балабақша- бөбекжай пайдалануға берілді. Аудандағы мектепке дейінгі білім беру бағытында үлкен мәселеге айналған балақша кезегіне тұру және ұзақ күту сынды мәселелерді түбегейлі шешіп берген жаңа нысан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында аудан жұртшылығына аса маңызды сый болды.


 

    Заманауи үлгіде салынып, сыртқы сәні де, ішкі әсемдігі де көз тартатын нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, облыстық білім департаментінің басшысы Айгүл Мыңбаева қатысты.

  Нысанның ашылу салтанатына жиналған аудан тұрғындарын осынау жағымды жаңалықпен құттықтаған М.Тоқжанов  Елбасы тапсырмасына сәйкес білімді ұрпақ өсіру мемлекет алдындағы бүгінгі басты міндеттердің біріне айналып отырғандығын, осы орайда өңірімізде  59 мектеп, 17 балабақша, 12 мәдени нысандар, 102 денсаулық саласының нысандары салынып, халық игілігіне берілгеніне тоқталып өтіп, жаңа нысанға сәтті қызмет тілеп, облыс әкімі атынан компьютерлік сыныптың сыйға тартылатынын мәлімдеді. Халыққа аса жағымды болып отырған жаңа нысанның ашылу лентасын қиып, ішін аралап өткен лауазымды қонақ балабақша тәрбиешілерімен тілдесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

   Айта кетерлігі, жаңа балабақша- бөбекжайда 80 адам тұрақты жұмысқа тартылып, бүгінде кішкене бөбектер тобынан бастап, мектепке дейінгі барлық жастағы балалар осы арада тәрбиелене бастады.

  Ашылу салтанатын рәсімінде нысан құрылысын жүргізген «Альтим» құрылыс фирмасының басшысы Геннадий Стародубцев халқымызға осындай жағдай жасап, ауданда ел болашағы үшін қызмет ететін «Болашақ» балабақша-бөбекжайының салынуына мұрындық болған Елбасымыздың тапсырмасы және соның орындалуына үлкен қолдау көрсеткен облыс басшылығы, аудан басшылары және құрылыс фирмасының мамандарына алғысын жеткізіп, жаңа балабақша-бөбекжай меңгерушісі Бибігүл Қияқбаеваға «нысан кілтін» тапсырды.

   Осындай ізгі тілек аудан тұрғыны Күнсұлу Жұмашеваның да атынан айтылды.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan
Назад