Оралда облыстық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ІІ Форумы өтті.

111

Аталмыш форум «Кәсіподақ қызметін жаңғырту – уақыт талабы» тақырыбында облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен ұйымдастырылды. Форумға ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төраға орынбасары Марат Тоқжанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов, облыстық маслихат хатшысы Мәлік Құлшар, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері және кәсіподақ жетекшілері мен белсенділері қатысты. Форумда жиынға қатысушылардың назарына ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Б.Ж.Әбдірайымның құттықтау сөзін оқыды.
300-ден астам адамның басын қосқан жиынға арнайы келген ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төраға орынбасары қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, кәсіподақ ұйымдарын жаңғырту саласындағы жүйелі жұмыстары мен жоспарлары бойынша кеңінен мағлұмат берді.
Сондай-ақ жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары И.В. Стексов жиынға қатысушыларды кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтады және облыстағы кәсіподақ ұйымдарының аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында қосқан үлестері зор екендігін атап өтті.
Форум бағдарламасы бойынша Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Е.Салықовтың «Кәсіподақ қызметін жаңғырту – уақыт талабы» баяндамасынан соң, облыстың салалық кәсіподақтары, бастауыш ұйымдарының және «Келешек» Жастар қанатының төрағаларының атқарылып жатырған жұмыстарымен таныстырып, алдағы міндеттері жөнінде ой-пікірлерін білдірді.
Жиын барысында аймақтың кәсіподақ қозғалысының дамуы жолында еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, кәсіподақ ұйымдарында белсенді қызмет еткен азаматтар «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен, Құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің, Кәсіподақтар орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Форумы кәсіподақтар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

ФОТО: Темірболат Тоқмамбетов

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»