Зеленов ауданында «Жомарт жүрек-2018» меценаттар форумы өтіп, үздік меценаттар марапатталды.

Форумда сөз сөйлеген аудан әкімі А.Шахаров ауданның дамуы және азаматтық белсенділікті нығайтуда бұл шараның маңызы зор екенін атап өтті. «Бүгінгі күні бизнес қауымдастық туған жерге қамқорлық танытуы керек. «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде балалар алаңын салу, киелі жерлерді қалпына келтіру сияқты жобалар қолға алына бастады. Мен алдағы уақытта бұл игі жобаға қатысушылар саны көбейетініне сенімдімін», - деді аудан басшысы. Сонымен қатар, аудан әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытқан, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға қол ұшын созған қайырымды жандар - «Жомарт жүрек-2018» сыйлығының лауреаттарын бірнеше аталымдар бойынша марапаттады. Оның арасында «Жыл меценаты» аталымы бойынша Мұрат Жәкібаев, «Туған өлке» аталымы бойынша Ақсерік Әйтімов, Жомарт Даркеев, Бауыржан Сакпиреев, «Қайырымды жан» аталымы бойынша Әзілхан Арыстанов, «Алтын ұя» аталымы бойынша Юрий Романенко, «Жүректен жүрекке» аталымы бойынша Нұрлан Бужумов, Иван Енютин, Абузар Джафаров марапатталды.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»