Жәнібекте су құбырлары тартылуда

Биыл Жәнібек ауданының Ақоба мен Талов ауылдарында «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында су құбырын салу, қайта құружұмыстары жүргізілуде.

 

Мәселен, Ақоба ауылында 17 шақырым ауыз су құбыры жүргізіліп, 177 тұрғын үйге су құбыры тартылды. 100 үйге су есептегіш құрылғы, ауыл ішінде 108 құдық монтаждалып орнатылған. Су қысымды мұнара да тұрғызылып, екі табиғи булану нысаны іске қосылды. Насос стансасы ғимаратының қабырғасы қаланса, 200 текше метр мен 2 көтерімдегі резервуар, мұнара және кәріз құдықтарының құрылысы жүргізілуде.

 – Талов ауылындағы су құбырын қайта құруда Бобров тоғаны мен екі қысымды реттеуші алаңы аралығындағы 3 шақырым су құбыры тартылды. Ауылдағы 155 тұрғын үйге 6300 шақырым ауыз су құбыры жүргізілді. Ауыл ішіне 68 құдық орнатылды. 200 текше метр резервуар нысанының орны қазылды,- дейді Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев.

Н.Өтей,

Жәнібек ауданы

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»