Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жүзуден зерде бұзылыстары бар спортшылар арасында республикалық турнир өткізілді.

  

2016 жылдың 13-14 қазан күндері «Жайық самалы» жүзу бассейнінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жүзуден зерде бұзылыстары бар спортшылар арасында республикалық турнир өткізілді.

Зерде бұзылыстары бар спортшылар арасындағы республикалық сайыс денсаулық жағдайларына байланысты мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға қолдау көрсету жөніндегі мемлекетіміздің саясатын жүзеге асыру аясында оздырылды.

Бұл жарысқа Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласынан барлығы 60-қа жуық спортшы қатысты.

Жарыс 25, 50 және 100 м қашықтыққа еркін стиль, брасс, арқамен жүзу, эстафета түрлері бойынша өтті.

16-21 жастағы спортшылар арасында эстафеталық жарыста 1 орынды Батыс Қазақстан облысының командасы, 2 орынды Атырау облысының командасы, 3 орынды Орал қаласының № 13 ЖОББМ командасы иеленді.

22 жас және одан үлкен жастағы спортшылар арасында 1 орынды Батыс Қазақстан облысының командасы, 2 орынды Батыс Қазақстан облысының командасы, 3 орынды Қостанай облысының командасы иеленді.

Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan