Өңірлер арасындағы әріптестік нығаюда

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бір топ делегациямен Елбасының өңіраралық кооперацияларды дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Өңіраралық кооперацияның дамуын жолға қою мақсатын көздеген делегацияны Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қарсы алып, Оңтүстіктің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен таныстырды. Жиын мақсаты өңірлер арасында экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салаларда тығыз ынтымақтастық орната отырып, өзара тауар айналымын ұлғайту, өңірлердің экономикалық жағдайын жақсарту болып табылатындығын айтқан Оңтүстік өңір басшысы Ж.Түймебаев екі өңірдің өзара тиімді әрі нәтижелі қарым-қатынастарының одан сайын дами түсуіне бұл кездесудің септігі мол боларына сенім білдірді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгінов Батыс Қазақстан облысында жүзеге асып жатқан бірқатар жобаларды таныстырып, Қазақстанның оңтүстігі мен батысына тиімді болады деген ұсыныстарын жеткізді.  Ол:

-Біз Оңтүстік Қазақстан облысына мұнай-газ секторынан бөлек, серіктестіктің өзге де салаларын ұсынғымыз келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіптегі әлеуеті жоғары. Осыны ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды пайдалану, АӨК өнімдерін қайта өңдеу мен агроөнімдерді экспорттау үшін инфрақұрылым құрылысын жүргізу бағытында бірлескен жобаларды ұйымдастыруға дайын екенімізді мәлімдейміз,-деді.

Келісілген бірінші құжат аясында Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері арасында инвестиция және өндіріс, шағын және орта бизнес, сауда-саттық, туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларында әріптестік орнатылса, екінші меморандум Кентау трансформатор зауыты мен "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг” кәсіпорны арасында трансформаторларды жеткізу жөнінде болды. Соңғы, үшінші меморандум «Шымкент» ӘКК» АҚ мен «Орал» ӘКК» АҚ арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздеді. Төртінші құжат – келісімшарт "Шымкентцемент" АҚ мен Bafker Hughes компаниялары арасында жасалды.

Айта кетейік, бұл  БҚО өкілдерінің Оңтүстікке жасап отырған алғашқы жұмыс сапары емес. Биыл сәуір айында индустриалды аймақтарда атқарылып жатқан жобалармен танысып, тәжірибе алмасу үшін Оңтүстік Қазақстан облысына дәл осындай сапар ұйымдастырылған болатын.

 
zhaikpress.kz
 
 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan