Мәжілісмендер Оралдағы мамандандырылған ХҚКО барды

11

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Орал қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Халық қалаулыларының қатарында «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Евгений Козлов, Глеб Щегельский, Сергей Симонов және Снежанна Имашева бар.

Мәжілісмендер тұрғындарға Парламент жұмысы мен Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ депутаттар автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алуға қатысты барлық мемлекеттік қызметтерді тұрғындардың бір кешеннен алатындығының тиімділігі зор екенін айтты.

Айта кетсек, орталықта электрондық кезек тәртібімен күніне 400-ге жуық адамға қызмет көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау, рәсімдеу «Бір терезе» қағидасымен жүзеге асуда.

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»