«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»

1

1 мамыр күні Достық-Дружба даңғылында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» атты мерекесіне арналған шеру өтті. Шеруге 10 баған ұйымдастырылып, жалпы 40 мыңнан астам адам қатысты. Аталмыш шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этно-мәдени бірлестіктерінің басшылары, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктерінің басшылары, жастар және қала тұрғындары қатысты. 
Мерекелік шарада облыс әкімі өз сөзінде «27 жыл уақыт өткелі беру тәуелсіз Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті. Сол жетістіктердің маңызды кілті бірлік, ынтымақ пен береке» деп айтты. Сонымен қатар, облыс басшысы өңірімізді дамуына, мемлекетіміздің гүлденуіне аянбай қызмет етуге шақырды. 
Мерекелік шара кезінде арбат бойында ұлттық тағамдар фестивалі өтті. Шара мерекелік концертпен жалғасты.

ФОТО: А. Куприенко

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»