Орал қаласының 20 мыңнан астам тұрғындары жалпықалалық сенбілікке шықты

 1111

14 сәуір күні Орал қаласының 20 мыңнан астам тұрғындары жалпықалалық сенбілікке шықты. Сенбілік барысында көшелер, аулалар мен қоғамдық орындарда санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік кезінде 30 техниканың көмегімен 720 текше метр қоқыс шығарылды. 
Қаланы абаттандыру айлығы аясында Зашаған кентіндегі «Арман» спорт кешенінің аумағында 120 түп шырша көшеттері отырғызылды. Жасыл желекті отырғызуға облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала әкімі Мұрат Мұқаев, мәдениет саласы қайраткерлері, ардагерлер, жастар және Зашаған кентінің тұрғындары қатысты. Алтай Көлгінов облыс орталығын абаттандыруға орай жұмыс-жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ облыс әкімі ардагерлермен әңгімелесіп, жастардың, қала тұрғындарының сауалдарына жауап берді.
Ағымдағы жылы көктем айларында Орал қаласында 10 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.
Фото: А.Куприенко

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»