ҚР Парламенті депутаттары Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

1111

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Евгений Козлов, Глеб Щегельский, Сергей Симонов және Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Олар Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, орталықтың жұмысымен танысты.
- Парламенттің кезекті сессиясының қорытындылары бойынша біздер тұрғындармен Парламент жұмысымен және де Мемлекет басшысының бастамаларының қалайша жүзеге асырылып жатқандығын жеткізу мақсатында кездесулер өткізудеміз. Осы жұмыс аясында біздер бүгін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын аралап шықтық. Аталмыш орталықтың жұмысы көңілден шықты. Бұл Қазақстанда ең жаңа әрі халыққа қызмет көрсету орталықтардың үздігі деп айтуға болады. Іші өте кең, халыққа барлық жағдай жасалған, қызмет көрсетудің барлық түрлері бар, соның ішінде, электрондық қызмет барлық жерде көрсетіліп стандарттарға сай жұмыс істеуде, - деді Парламент депутаты Снежанна Имашева.
Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Луиза Құсаинованың айтуынша, үстіміздегі жылдың 31 мамырында ашылған орталық күніне шамамен 500-600 тұрғынға қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, орталық басшысы статистика бойынша айына 8 мың өтініш келіп түсетінін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар арнайы мамандандырылыған халыққа қызмет көрсету орталығына оң бағасын берді.

фото Назгуль Кожанбаева

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»