Нұрсұлтан Назарбаев жаңашыл жастарға ақ жол тіледі

11

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақтан облысына жұмыс сапары барысында Жаңа алаңда жұртшылықпен және Оқушылар сарайында жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Оқушылар сарайында алдымен балғын боксшылармен емен-жарқын әңгімелесті. Жас былғары қолғап шеберлері болашақта осы Батыс Қазақстан облысынан шыққан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов сияқты әлемдік жарыстарда топ жаруға уәде берді.

Осында сондай-ақ Мемлекет басшысына өңірде денсаулық сақтау және білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан цифрландыру жобалары таныстырылды. Елбасы бұл жөнінен Батыс Қазақстан облысының алда екендігін, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керектігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар жаңашыл жастармен де кездесті. «AQJAYIQ» телеарнасының редакторы Нина Павлычева «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған «Медиа этика» кітабын оқып, көкейге түйгендігін айтса, 1991 жылы Президент есімін қойған Нұрсұлтан Сақпаев ұшқыш болуды бала кезден армандағанын, қазір соның орындалып жатқанын жеткізді.

Сол секілді М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Зарина Ықсанова Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясында облыста жаңадан жатақханалар салынып жатқаны жастар үшін үлкен қуаныш екендігін жеткізді. Ал жас кәсіпкер Асхат Рамазанов өзінің жаңа жобаларымен таныстырды. Елбасы жастарға қазіргі уақытта мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер жасалып отырғанын айтып, оларға жаңашылдық жолында табыс тіледі. Осымен Президенттің Батыс Қазақстан облысындағы сапары аяқталды.

Еске салайық, бүгін жұмыс сапарымен БҚО-ға келген Н.Назарбаев Индустрияландыру картасы бойынша іске асырылған кәсіпорындардың жұмыс барысымен танысты. «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ға барды.

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»