Облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев Зеленов ауданында болды

Бүгін жұмыс сапар барысында облыс әкімінің орынбасары «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Достық ауылындағы ауыз су құбырын тарту жұмыстарымен танысты. Тартылатын су құбырының жалпы ұзындығы 38,9  шақырымды құрайды. Су құбырын тарту жұмысы келесі жылы толық аяқталмақ. Нәтижесінде Достық ауылының 4100 тұрғыны таза сумен қамтылатын болады.

Одан соң облыс әкімінің орынбасары Трекин және Володар ауылдарындағы су тарту жұмысының барысына қанықты. Трекин ауылдық округіндегі ұзындығы 53 шақырымды құрайтын су құбырын құрылысы биыл басталып, келесі жылы аяқталады. Володар ауылындағы су құбыры қалпына келтіру (ұзындығы 19 шақырым) өткен жылы басталды. Құрылыс нысанын жыл аяғына тапсыру жоспарланған.

Сондай-ақ, Дариян ауылындағы 360 жер учаскесін электрмен және газбен жабдықтау жұмыстарымен танысты.

Зеленов ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырған Үлкен Шаған–Вечный тас жолының құрылысын тексерді.

Сапар қорытындысында облыс әкімінің орынбасары атқарылып жатқан жұмыстар бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»