Облыс әкімі Қазталов-Фомин бекетінде болды

Бүгін облыс əкімі сапары Қазталов ауданында жалғасып, Алтай Көлгінов Мемлекет басшылары, Парламенттің жоғары палатасы спикерлері деңгейіндегі кездесулерде көтерілген шекаралық өткізу пункттерінің бірі - Ресеймен арадағы Қазталов-Фомин бекетінде болды.

Жағдайды көзбен көрген облыс басшысы пунктке жарық тарту мəселесін тапсырды. Бұдан кейін Қазталов ауылын сумен қамтитын станция жұмысымен танысты. 1970 жылы салынған мектеп интернатының тозуына байланысты жаңадан 100 орындық мектеп интернатының құрылысы тексерілді. Сондай-ақ, тозығы жеткен А. Оразбаева атындағы орта мектеп ғимаратында болған облыс басшысы арнайы мамандардың тексерісін қажет ететінін айтты.

Облыс əкімі Қазталовтағы инженерлік желілер тартылған жерді қарады. Бұл жерге 22 тұрғын үй салынады.

Бұдан кейін аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен, депутаттармен, ардагерлермен кездесіп, ауданда атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
Қазталов ауданының 12 елді мекеніне биыл таза ауыз су жеткізілсе, келесі жылдан бастап газбен қамтылмақ.

Облыс әкімдігінің баспасөз қыметі

Суретке түсірген Айбатыр НҰРАШ

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan