Өңір басшысы жол құрылысының барысымен танысты

Қазталов ауданына іссапар барысында облыс басшысы Алтай Көлгінов сондай-ақ Чапаев-Жалпақтал-Казталов республикалық жолының күрделі жөндеу жұмыстар барысымен танысты.

Биыл Чапаев-Жалпақтал-Қазталов жол торабының 13 шақырымы салынбақ. Оған 1,7 млрд.тенге қаржы бөлінген.

"Uniserv" ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстарына 120-ға жуық адам, 73 техника жұмылдырылуда.

Жол құрылысының жұмысы шілде айында аяқталмақшы. Құрылыс нысанында облыс әкімі Алтай Сейдірұлы мердігер компания басшысына сапаға көңіл бөлуді және техника қауіпсіздігін қатаң сақтауды тапсырды.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan