Оралға Америкадан дәрігер-ғалым келді

Облыс әкімі Алтай Көлгінов америкалық денсаулық сақтау ассоциациясының мүшесі, дәрігер-ғалым, биомедицина және медико-демографиялық зерттеулер, халықаралық денсаулық сақтау және ауруханалық басқару салаларының маманы Алмаз Шарманмен кездесті.

- Облыс әкімі Алтай Көлгіновпен арадағы әңгімеміз іскерлік бағытта өрбіді. Әкімнің облыс инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі жоспарларымен таныстым. Медицина, білім саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу тақырыбында пікірлестік. Бұл орайда интелектуалды ресурстарды тарту, атап айтқанда, еуропаның медициналық білім беру жүйесін енгізу мәселелері туралы сөз болды. Халыққа медициналық қызмет көрсетуде сандық үлгіге көшудің тиімді әдістері әңгімеленді. Орал қаласында аталған бағыттағы жетістіктер аз емес. Болашақта мұны әлі де жетілдіріп, денсаулықтың сандық экожүйесін құруға болады. Қазіргі таңда емделушіні емханаға дейін неғұрлым тез жеткізудің жолдарын қарастыратын жақсы жобалар жасалуда. Көбінесе оқыс жарақат алу, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жағдайлар адам өліміне соқтырып жатады. Болашақта осындай жағдайлардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп, емделушінің өзі денсаулығына қатысты шұғыл түрде дұрыс шешім қабылдай алатын деңгейгедегі ақпаратқа ие болуы керек. Сонымен қатар мектеп жасындағы балаларды дұрыс тамақтануға, денсаулыққа пайдалы қимыл-әрекеттер жасауға, зиянды әдеттермен күресуге оқытудың да маңызы жоғары. Болашаққа жоспарымыз осындай тақырыптарды қамтыды, - деді профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan