Елбасы Оралда Индустрияландыру картасына енген кәсіпорындарда болды

1Жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Индустрияландыру картасы бойынша іске асырылған кәсіпорындардың жұмыс барысы көрсетілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы корпустық жиһаз шығаратын «Квант» ЖШС-ның цехында болып, өндіріс барысымен танысты. Индустрияландыру картасына енгізілген жиһаз фабрикасын ашу үшін (жоба құны - 1,1 млрд теңге) кәсіпорынға кезінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау көрсетілген болатын.

Мұнда германиялық Nomag фирмасының жабдықтары орнатылған. Жиһаз фабрикасында жатын, ас үй және балалар гарнитурлары, басқа да түрлі жиһаздар шығарылады. Жұмсақ және корпустық жиһаз үшін пенополиуретан мен матрастар да өндіріледі.

Президент «Квант» ЖШС-ның жиһаз фабрикасында болғаннан кейін Зеленов ауданы Щапов ауылында орналасқан «ЖайықАгро LTD» ЖШС-ның құс фабрикасына ат басын бұрды. Жылына 6 мың тонна құс етін өндіретін фабрика өткен жылы Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында іске қосылған. Мемлекет басшысы сондай-ақ «Агран»ЖШС-да болды. Айта кетейік, аталмыш үш кәсіпорынға Индустрияландыру картасы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген.

Бұдан бөлек, Н.Назарбаев Оралдағы іргелі кәсіпорынның бірі «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның тыныс-тіршілігімен де танысты.

Еске сала кетейік, Елбасы өңірге жұмыс сапары барысында өнеркәсіп кәсіпорындарымен қатар Оралдағы жаңа алаңда және оқушылар сарайында болып, жұртшылықпен жүздеспек.

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»