ҚР Президенті Н.Назарбаев БҚО әкімі А.Көлгіновті қабылдады (ФОТО, ВИДЕО)

1Бүгін Елбасы қабылдауында болған облыс әкімі Батыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.

Алтай Көлгінов Президентке өңірдің экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы жайлы баяндады.

-Өңірдегі экономикалық жағдай тұрақты. Өзіңіз қабылдаған мемлекеттік бағдарламалар қарқынды орындалуда. Соның нәтижесінде экономикада оң үрдіс байқалады. Нақтырақ айтатын болсақ, ішкі жалпы өнімде жыл сайын өсім бар. Мысалы 2015 жылы 1,7 трлн.теңге болатын болса, 2016 жылы 2 трлн.-ға жетті, былтыр 2,2 трлн.-мен жылды аяқтадық. Өзіңіздің тапсырған 4 пайыз өсім бар. Соның ішінде өнеркәсіпте өсім байқалады. Жылды 5,7 пайызбен тәмамдадық. Ол жерде де жыл сайын өсім байқалады,-деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ құрылыста да қарқын барын айтты. Оған «Нұрлы жер» бағдарламасы үлкен қолдау болды деді әкім сөзінде.

«Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді» деп хабарлады ҚР Президентінің akorda.kz ресми сайты.

zhaikpress.kz

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»