«Қазталов-Жəнібек-Сайқын» автожолын жөндеу келесі жылы мамыр айында басталады.

1111

Бұл жөнінде жол бойында Жалпақтал ауылы тұсында өткен көшпелі кеңесте ҚР инвестиция жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Жыл соңына дейін тендер бойынша 6 лот жарияланып, жобалық-сметалық құжаттар жасалады. Елбасы тапсырмасына сəйкес, келесі жылы күрделі жөндеуге министрлік ауқымды қаражат бөледі. Жоба мерзімі 2-3 жылдан аспайды. Облыс əкімі Алтай Көлгінов қаражат бөлінгесін, мердігер анықталып жол құрылысы бірден басталатынын айтты.
Жиында «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Берік Желдікбаев, облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдарының басқармасының басшысы Медет Шакаев баяндама жасады. Көшпелі кеңеске көршілес үш ауданнан келіп тұрғындар атынан қатысқан ардагерлер Елбасы тапсырмасына қатысты жедел шара алынып жатқанына алғыс айтты.
«Uniserv» ЖШС-ның атқарушы директоры Дінмұхаммед Сəтбаевтың айтуынша, биыл Қазталов ауданына дейінгі 35 шақырым жолдың құрылысы басталған. Жол салуға 60 адам жұмысқа алынған. Биыл бөлінген 300 млн теңгеге 1,1 шақырым жол салынады. Дінмұхаммед Сəтбаев жұмысшылар бір аптадан бері екі ауысыммен еңбек етіп жатқанын, қаражат бөлінуіне орай күрделі жөндеу жалғасатынын айтты.
Айта кетейік, облыстағы республикалық маңызы бар жолдың ұзындығы 1400 шақырымға жуық. Соның ішінде 827 шақырымы жөнделген, биыл 331 шақырымын жөндеу жоспарланған.
ФОТО: Т. Токмамбетов

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»