Шыңғырлау ауылы көшелерінің жартысына асфальт төселген

21

Бұл туралы аудан әкімі Альберт Есалиев жергілікті халық алдындағы есебі кезінде айтты.

Осыдан бірер жыл бұрын басталған Шыңғырлау ауылының көшелерін асфальттау жұмыстары биыл да жалғасын тауып отыр. Облыстық бюджет есебінен 251 млн. 653 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылып, 8 көшеге 3,2 шақырым асфальт жамылғысы төселді. Жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен қатар 1300 метрге жуық тротуар салынып, аудан орталығының 4 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығының көшелерін асфальт жамылғысымен қамту көрсеткіші 50%-ға жетіп отыр.

Аудан халқының тағы да бір көкейкесті мәселелерінің бірі бұл - Шыңғырлау-Сегізсай бағытындағы жол болатын. Бұл бағытта 5000-ға жуық халық қоныстанғанын ескерсек, қыс-көктем мезгілдерінде қиындық туғызатын жолдың жөнделуі, бірқатар істеріміздің шешілуіне ықпалын тигізері анық. Бұл ісіміз де өз орнынан қозғалып, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды, - деді ол.

zhaikpress.kz

Суретке түсірген Айбатыр Нұраш

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan